423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 158 жас отбасы баспаналы болды

  • 247
  • UPD: 10:50, 06.08.2020

Алматыда үйсіз-күйсіз жүрген жастар баспаналы болып, бақытқа бөленді, хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда алып шаһарда «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 158 жас отбасы үйлі болды. Жаңа қоныстарына кіріп мәре-сәре болған жастардың қуанышымен біздің тілшілер де бөлісіп қайтқан еді.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

- Әріптесіміз Асқарбек Қазанғаптың қуанышында шек жоқ. Өйткені көптен күткен пәтеріне бір ай бұрын қол жеткізді. Бірақ дәл қазір Қазанғаптар отбасы қазан қайнатып, қонақ шақыра алмайды. Өйткені карантин. Дегенмен, игіліктің ерте-кеші жоқ деп отыр.

Асқарбек Қазанғап, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысушы:

- Енді шыны керек, менің туған-туысқандарым көбі бұл жақта емес, олар Қарағанды облысында тұрады. Олардың көбі құттықтап жатыр. Әрине, қазір енді, карантин кезі, көбі онлайн форматқа өтіп жатыр ғой. Онлайн хабарласып, үйді көрсетіп, құттықтау әзірге онлайн форматта өтіп жатыр. Өйткені өзіміз де білеміз карантин кезінде, әсіресе, жиналуға, басқасына енді мен өзім журналист болғаннан кейін, ондай нәрсені түсіріп жүріп, оны орындамасам, менің өзімнің атыма сын болады, сондықтан әзірге қонысты тек онлайн түрде тойлап жатырмыз.

Қазір «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы үйлі болғысы келетіндер көп. Екі жарым ай ішінде 3 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Расында бағдарлама өте тиімді. Жылына 5% үстемақы десек, алдын ала төлем бар болғаны 10%. Және сіз банктен 13 миллион теңгеге дейін несие ала аласыз. Және бағдарламаға қатысушылар жаңа немесе қолданыстағы үйді алғысы келетінін өзі таңдайды.

Ғалымжан Әбдішұлы, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы бөлімінің басшысы:

- Бұл бағдарламадан тұрақты бағдарламаға қатысушының және оның отбасының тұрақты тіркеуі талабы алып тасталды Бұл құжат қабылдау барысында 5471 құжат өтіні тапсырылды, ол 5471 өтініштен 526 өтінішке біз жолдама беріп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жолдама берілді. Ары қарай жұмыс банкпен жүргізіледі.

«Алматы жастарының» тағы бір шарты – жеңілдетілген несие алушылардың жасы 35-тен аспауы керек. Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының қызметкерлері қатыса алады.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы