429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавируспен күрескен ақтөбелік дәрігерлерге құрмет көрсетілді

  • 252
  • UPD: 09:08, 06.08.2020
Коронавируспен күрескен ақтөбелік дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Қауіпті вируспен күрескен ақтөбелік дәрігерлерге құрмет көрсету жалғасып жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Адам жанына араша болған ақ халаттылар енді демалыс орталықтарында да тегін тынығатын болды. Бүгіннің өзінде жедел жәрдемнің 50 қызметкері қала шетіндегі туристік аймақтардың біріне демалуға барды. Індетке қарсы тұрып, дертке шалдыққан науқастарға қызмет еткен абзал жандарға жергілікті билік өкілдері алғыс хат табыстап, медицина саласына әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді. Мұндай құрметке дәрігерлерден өзге фельдшерлер, диспетчерлер және көлік жүргізушілері де ие болды. Жалпылай алғанда жедел жәрдемнің 500 қызметкері демалыс орталықтарында болмақ. Бұл іске кәсіпкерлер де қолдау көрсетуге ниет танытқан.

Жұлдыз Қанатбаева, дәрігер:

- Еңбегіміздің еленіп жатқанына қуаныштымыз. Осы вирус басталғалы демалыс болған жоқ. Әріптестеріміз үйлеріне бармай жұмыста түнеп те жұмыс жасаған уақыттар болды. Бұрынғыға қарағанда шақырту 2-3 есе көбейді десе де болады. Барлығымызға қиын болды. Енді бұдан кейін бұл індет қайтып келмейді деп ойлаймыз

Айжан Аманжолова, дәрігер:

- Енді тілейтініміз, бұл ауру тезірек кетсін. Барлық халқымыз аман болсын. Әлі пандемия кеткен жоқ қой. Сол себепті маска киіп, арақашықтықты сақтап, көп жиналмай жүрейік. Осы нәрселерді сақтаса тез жойылады ғой ауру. Бәріміз бірге жұмылып, осыған атсалысайық.

Хабар 24 телеарнасы