420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медицина қызметкері КВИ жұқтырмағанын растайтын жалған анықтамалар сатқан

  • 353
  • UPD: 09:35, 06.08.2020
Медицина қызметкері КВИ жұқтырмағанын растайтын жалған анықтамалар сатқан

Медицина қызметкері коронавирус жұқтырмағанын растайтын жалған анықтамалар сатып келген, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде COVID-19-ға ПТР зерттеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды.

Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын айтты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы