432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде COVID-19-ға қатысты дерек күн сайын жаңартылатын болды

  • 269
  • UPD: 13:41, 06.08.2020
Елімізде COVID-19-ға қатысты дерек күн сайын жаңартылатын болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай коронавирусқа қатысты мәліметті күн сайын үзбей жариялап отырады, хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны және өлім-жітім дерегі ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал жайында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайтын болады. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25912 адам ем қабылдауда. Стационарда 5 507, ал 20405 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. 170 науқастың жағдайы нашар. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Хабар 24 телеарнасы