423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Швейцария елшісіне «Достық» орденін табыстады

  • 194
  • UPD: 14:20, 06.08.2020
ҚР СІМ Швейцария елшісіне «Достық» орденін табыстады

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді Швейцария елшісіне екінші дәрежелі «Достық» орденін табыстады, хабарлайды «Хабар 24».

Урс Шмид бүгін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады. Төрт жыл ішінде екі ел арасында түрлі саладағы байланыс нығайған. Швейцарияның ірі инвесторлары бөлген қаржыға бірқатар жоба жүзеге асты.

Урс Шмид, Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- 4 жыл Қазақстанда елші болып қызмет атқардым. Мемлекеттеріміздің достық пейілі ұшан-теңіз. Швейцария Қазақстанға инвестиция құйып жүрген елдердің үштігіне кіреді. Экономика, бизнес саласындағы ортақ жобаларымыз жемісін беріп жатыр. Бурабайды кіші Швейцарияға теңейді ғой. Туризм саласын дамытуға күш сала береміз.

Хабар 24 телеарнасы