427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


17 жастағы саяхатшы велосипедпен ел аралап жүр

  • 277
17 жастағы саяхатшы велосипедпен ел аралап жүр

Петропавлға велосипедпен ел аралап жүрген саяхатшы барды, хабарлайды «Хабар 24».

17 жастағы Сайфулла Тілекұлы шілденің басында жалғыз өзі Алматыдан шығып, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларын басып, 2500 шақырымды артта қалдырды. Жас жігіт жол-жөнекей Қазақстанның көрікті жерлерін түсіріп, жеке арнасына жариялайды. Ол күніне 8 сағаттан жүріп, таныстарында немесе далада қонады. Енді саяхатшы Қостанайды бетке алып, әрі қарай Батыс пен Оңтүстік аймақтарды араламақ. Үйінде оны анасы күтіп отыр.

Сайфулла Тілекұлы, саяхатшы:

- Ең бірінші қиындық – дөңгелек жарылу. Камера. Кейбір жерлерде жол жоқ. Сондықтан дөңгелектер жарылады. Бір күнде 3 рет ауыстырған кезім болды. Қазақстанның табиғатына мен ғашық болып жатырмын. Ең бірінші қатты тамсанғаным, ол Жансүгіров және ШҚО болды. Өте әдемі. Таулар, жоталар және өзендер көп. Лепсіден өттім бірінші рет.

Хабар 24 телеарнасы