431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанармай құю бекетінде жарылыстан жараланған адам ауыр халде жатыр

  • 234
  • UPD: 22:29, 06.08.2020
Жанармай құю бекетінде жарылыстан жараланған адам ауыр халде жатыр

Алматы облысының Есік қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды.

Салдарынан бір адам ауруханаға түсті. Оның денесінің 90 проценті күйіп қалды. Бірінші дәрежелі күйік алған азамат қазір ауыр халде. Оқиға былай болды: 72 жастағы «Ленд Крузер Прадо» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жанармай құю бекетіндегі газ толтырылған  цистернаға соғылған. Жарылыс содан пайда болды. Ал 30 жастағы оператор кеудесін жарақаттап алған. Жағдайы қалыпты болғандықтан, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны үйіне жіберді.

Ерлан Ахашов, Облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Жол талғамайтын автокөлік сыйымдылығы 4 текше метрлік цистернаға соғылды. Жарылыстан екі автокөлік жанып, екі адам дене жарақатын алды. Жанармай құю бекетінің жанында орналасқан ғимараттар бүлінген жоқ. Жағдай тұрақты. Өрт Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен 10-нан 52 минут кеткенде сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы