426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысына қалыпты деңгейден он есе артық жауын-шашын түскен

  • 206
  • UPD: 20:08, 06.08.2020
Маңғыстау облысына қалыпты деңгейден он есе артық жауын-шашын түскен

Тамыздың 5-інен 6-на қараған түні Ақтауға түскен жауын-шашын мөлшері 66 миллиметр болды. Бұл қалыпты деңгейден 10 есе артық көрсеткіш.

Дәл осындай құбылыс қалаға жақын Мұнайлы ауданында да байқалған. Жалпы биылғы жыл басынан бері қалаға бір айда жауған жаңбырдың көлемі 6 миллиметрден аспаған екен. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. Күні кеше Маңғыстау өңірінде ауа райы күрт құбылып, соңы жаңбырлы дауылға ұласатыны жайлы аймақ тұрғындарына смс-хабарлама жіберілген.

Мамандардың айтуынша, кешегі күннен бері Жаңаөзенге 11, ал Түпқараған ауданына 23 милиметр ылғал түскен. Қалған аудандарға жауған жаңбыр мөлшері қалыпты деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы