420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда топан судың салдарымен күрес жалғасуда

  • 263
  • UPD: 20:08, 06.08.2020
Ақтауда топан судың салдарымен күрес жалғасуда

Ақтауда нөсер жауын салдарымен күрес шаралары жалғасуда. Қала көшелерін құрғату кешені түннен бері толастаған жоқ.

Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар 1-шағын аудандағы емхана маңы мен тағы үш мөлтек ауданда жүріп жатыр. Жаңбыр суын арнайы техникалармен алуға қырыққа тарта маман жұмылдырылған. Айта кетейік, соңғы жылдары шаһардың орталық көшелеріне суағарлар орнатылған болатын. Өз кезегінде лай судың бір жерде жиналмай, орталық кәріз желілеріне ағып кетіп жатқаны байқалады.

Жалғас Мейилов, «Ақтау қалалық ТҮКШ» ММ бас маманы:

- Коммуналдық мекемелерден 4 бойлер-ассенизатор, 10 мотопомпа сосын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі су сорғыш көлігі бар қосымша. Бізде қазір орталық көшелердің барлығында суағарлар бар. Кейбірі өздерінің қоймаларына жинайды. Солар толып кетіп жатыр. оларды тазалап жатыр қазір. Кейбірі кәріз желілеріне жалғанған, олар әрі қарай ағып кетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы