428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем ойлап таба қоймаған «Ковид» вакцинасының бағасы Қазақстанда белгіленіп қойылды

  • 700
  • UPD: 23:50, 06.08.2020

Екпе жоқ, есеп бар. Қазақстанда 2 млн 200 мың азамат тегін вакцина алады. Бірақ әуелі екпе табылуы керек. Ол отандық бола ма, шетелдік бола ма бәрібір.

Үкімет вакцина табылған бетте сатып алуға дайын. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ведомство өкілдері алғашқы болып екпе алатындар жасы 65-тен асқан әрі созылмалы ауруы бар азаматтар мен ақ халаттылар дейді. 

Еліміз әлем ғалымдары ойлап тапқан ковид-19 вакцинасына алғашқылардың бірі болып қол жеткізеді. Бұл ретте қазақстандықтардың 20 процентіне тегін екпе жасалуы тиіс.

Бағдат Қожа-хметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Қазақстан секілді орта деңгейлі кірісі бар елдерге коронавирус вакцинасы 10-20 доллар көлемінде болады. Бұған тасымалға кететін шығын кірмейді. Қазіргі бағаммен есептесек, қазақстандықтар үшін оның құны 4 142 теңгеден 8 мың 500 теңгеге тең болмақ.

Алайда бағасы алдын ала белгілі болған вакцинаны әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Жауапты министрлік тек екпенің бірінші кезекте кімдерге жасалатынын мәлімдеді. Олардың қатарына жасы 65-тен асқандар, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, өкпе ауруына шалдыққандар және медицина қызметкерлері кіреді. Айта кетерлігі, коронавирусқа қарсы вакцинаны қазақстандық ғалымдар да жасап қойған. Бұл екпені ғалымдар алдымен өздеріне егіп, сынақтан өткізіп жатыр.  Алдында жануарларға егілген еді. 

Жанна Құрманғалиева ҚР Білім және ғылым министрлігі комитетінің төрағасы:

- 5 адамға салды. Нәтижелері жақсы. Қыркүйектің басында 40 еріктіге саламыз. Екеуі жасалды, екеуі енді жасап жатыр. Олар жасалғаннан кейін ДСҰ протоколы жіберіледі. Тағы үшінші қылып енгізеді, Төртінші қылып енгізеді.

Комитет төрағасының айтуынша, ғалымдардың жағдайы қалыпты. Өздерін жақсы сезінеді. Дегенмен, отандық вакцинаның тиімділігі жайында айтуға әлі ерте. Оның үстіне, жасалу жолы құпия, жария етілген жоқ.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы