426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ұрылардың фотолары көшеге ілінді

  • 352
  • UPD: 20:11, 06.08.2020
Ақтөбеде ұрылардың фотолары көшеге ілінді

Ақтөбеде ұрылардың фотосуреттері көшелер мен аялдамаларға ілінді. Сұғанақ қолдылардың көздейтіні де осындай кісі көп жүретін қоғамдық орындар: базар, дүкен, автобустар.

Көбіне әмиян, ұялы телефондар қолды болады. Қазір мұнда 78 ұры ішкі істер органының есебінде тұр. Жыл басынан бері өңірде 273 ұрлық дерегі тіркелген. Оның 90 проценттен астамы облыс орталығында болған. Полицейлер бұл қылмыс түрі былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда азайғанын айтады. Дегенмен, қырағылықты арттыра түспекші. 

Ардана Саймағамбетов, жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы:

- Былтыр 11 процент ашылған болса, осы қалта ұрлықтарының биыл 22 пайызы ашылып отыр. Екі есе көбейіп отыр былтырғыға қарағанда. Олардың табыс көзі осы ұрлықпен айналысып кетпес үшін біріңғай әрдайым олармен жұмыс жүргізіліп, не істеліп жатқаны байқалады және жергілікті атқарушы органдармен бұларды жұмысқа тұрғызу мәселесі әрқашан жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы