423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда майшаммен отырған шағын ауданның мәселесі шешілетін болды

  • 207
  • UPD: 22:07, 06.08.2020

Петропавлдағы «Солнечный-2» шағын ауданына жарық беріле бастады. Майшамға телмірген тұрғындардың жанайқайын өңірдегі әріптестеріміз бірнеше мәрте көрсетіп, мәселе көтерген еді. Сөйтіп, сыннан нәтиже шықты. Қазір жаңа ауданға электр қуаты тартылып жатыр.

Нұрболат Мұжыкенов, қалалық құрылыс бөлімі басшысы орынбасарының м. а.:

- Қосалқы станцияны іске қосу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі монополистермен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Біз оларға хат жібердік. 10 күн ішінде бұл сұрақ  толықтай шешіледі. Көптен күткен мәселе шешімін тапты. 10 күннен асып кетсе де бұл жолы жауаптылар сөздерінде тұрды. Бастысы халық жарыққа қосылып жатыр. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- «Солнечный-2» шағын ауданындағы электр жарығы мәселесі тұрғындарды үш жылға жуық мазалаған болатын. Енді міне тұрғындардың көптен күткен армандары орындалды. Осы уақытқа дейін майшам шағып келген халық, бүгіннен бастап электр қуатын тұтына бастайды. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қала іргесіндегі бұл ауданға 200-ге жуық үй тұрғызылды. Оның тек 14-інде ғана ғана жарық болған еді. Оның өзінде халық электр қуатын құрылысшылардың уақытша транформаторынан алып келген. Енді міне мамандар ауылдағы қосалқы станцияларды бірте-бірте  іске қосуда. 

Венера Иксанова, қала тұрғыны:

- «Хабар 24» арнасы жағымды жаңалықтың жаршысына айналды. Осы мәселені сіздер талай мәрте  көрсетіп, осы уақытқа дейін мониторинг жасап келдіңіздер. Сыннан  оң нәтиже шықты. Әлі де сене алмай отырмыз. Жұрт 8 айлап, жылдап жарықсыз отырды ғой. Енді міне өркениетке қол жеткізіп жатырмыз. Үлкен рақмет.  

Бұл тек басы ғана. Жарық қосылған соң, жауаптылар көшелерге су өткізгіш құбырлар орнатпақ. Бұл дегеніміз өркениеттің ауылы алыс емес. 

Нұрболат Мұжыкенов, қалалық құрылыс бөлімі басшысы орынбасарының м.а.:

- Көшелерге суағарлар салынады. Қазір оған қажетті қаржы есептеліп жатыр. Кейін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі осы шаруамен айналысатын болады. Кейін абаттандыру жұмыстары да басталады. Жолдарға қиыршық тас төсемекшіміз. 

Айта кету қажет, жаңадан бой түзеген ауданға инфроқұрылымдық желілерді тарту үшін ел қазынанасынан 2,6 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы