432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаркенттің ауасын бұзған зауыт айыппұл төлейтін болды

  • 262
Жаркенттің ауасын бұзған зауыт айыппұл төлейтін болды

Жаркенттегі жағымсыз иіс мәселесі шешілді. Халықтың шағымын ескерген экология министрлігі арнайы комиссия құрып, Алматы облысына барды. Белгілі болғандай, қаланың ауасын бұзып, тұрғындардың тынысын тарылтқан жүгері өңдеу зауыты тиісті экологиялық сараптамасыз жұмыс істеген. Бұл үшін нысан басшылығына айыппұл салынды. Ал қолқаны қабар иіске жеке қоқыс тазарту құрылғысының болмауы себеп.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, мұнда бұған дейін қалалық коммуналдық тазарту нысандары қызмет көрсеткен. Алайда ластағыш заттардың көптігінен 2 жыл бұрын келісім бұзылыпты. Кәсіпорын басшылығы қазір тазарту нысандарының салынып жатқанын айтты. Енді олар жергілікті әкімдікпен бірге жол картасын құрып, сүзілген қалдықтарды ғана тастауға, сосын сүзу алаңын қалпына келтіруге міндеттелді. 

Зұлфыхар Жолдасов, ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы: 

- Жаркент тұрғындары бізге бірнеше рет шағым айтты. Жүгеріні өңдеп, крахмал алатын зауыт қалдықтарын мына жерге төгеді екен. 18 жылға дейін олар коммуналдық коллекторға төгіп келген, бірақ мұнша көп қалдықты олар қабылдай алмаған. Міне іркілген заттар қаланың ауасын бұзып тұр. Енді біз кәсіпорынды толықтай тексереміз. Бұған дейін кәсіпорын заңсыз жұмыс істеп келді. Енді күзде өндіріс көлемі еселенеді. Сол кезде қалдықтар мөлшері шамадан асатыны анықталса, кәсіпорын жабылуы әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы