426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес ай карантиннен кейін науқас бүлдіршіндерге операция жасау басталды

  • 236
  • UPD: 21:45, 06.08.2020

Алматыда бес айлық карантиннен кейін ауыр науқасқа шалдыққан бүлдіршіндерге операция жасау қайта басталды. Әсіресе шағын инвазиялық хирургия әдісіне басымдық беріліп отыр. Қазір қолда бар жаңа технологиялар мұндай операциялардың жеңіл әрі сәтті өтуіне мол мүмкіндік берді.

Сафина дүниеге келгенде анасы Гауһар Асылбекова бір жайсыздықты сезеді. Өйткені оған қызының басының пішіні өзгешелеу болып көрінетін. Жас ана сәбиін бірнеше педиатрға қаратыпты. Барлығы да бала сау, аталарының қанында бар шығар деп жауап береді. Бірақ ана жүрегі байыз таппайды. Сөйтсе бекер емес екен. Нейрохирургтар нәрестеге краниосиностоз деген диаогноз қояды. Мұндай операцияны Алматыда жиі жасайды. Бірақ Сафинаның індеті күрделі болады. Дегенмен дәрігерлер тәуекелге барып операция жасауға бел буады.      

Гауһар Асылбекова, сафинаның анасы:

- Мен баламды туғанда басы өте ерекше болды. Басқа балалардыкі секілді емес. Қазір менің жанымда. Құдайға шүкір. Мыңда бір рахмет. Уже үшінші күн. Құдай қаласа біз уже жазылып келе жатырмыз. Бұйыртса, бізді үйге жіберетін шығар. Жақын арада.

Краниосиностоз кезінде нәрестенің бас сүйектерінің жігі мен еңбегі тез бітіп кетеді. Егер операция дер кезінде жасалмаса мидың өсуі тежеледі. Соның салдарынан баланың дамуы кешеуілдеп, көзі нашарлап, денесі құрыса бастайды. Бұдан басқа да қиындықтар туындайды. Сондықтан диагноз ерте қойылып, операция ерте жасалса бала тез сауығып кетеді.

Азамат Жайылғанов, нейрохирург:

- Бұл операция эндоскопиялық ассистенциямен өтеді. Эндоскопия кезінде біздер бақылап тұрамыз. Қан қайда құйылып жүргенін, не істеп жүргенімізді, инструменттер қалай баратынын бәрін көреміз. Ерекшілігі тағы да ол балаларға алты айға толғанға шейін жасаймыз бұндай операцияларды. Операция жасағаннан кейін баланың өмірі кәдімгідей балалармен тең болады. Ешқандай өзгерістер болмайды. Қауіп жоқ болады операциядан кейін.   

Жаңа әдіс өте қауіпсіз. Бұрын хихургтар бастың біраз бөлігін кесетін. Кішкентай пациенттер көп қан жоғалтып, қан құюға мәжбүр болатын. Жаңа технологияның көмегімен қазір операция тез әрі жеңіл өтеді. Алматылық хирургтар жыл басынан бері осындай 25 операция жасапты.          

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Анастасия Вылегжанина, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы