420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жағдай тағы күрделенсе Ақсудағы провизорлық орталық қайта ашылуы мүмкін

  • 283
  • UPD: 22:15, 06.08.2020
Жағдай тағы күрделенсе Ақсудағы провизорлық орталық қайта ашылуы мүмкін

Павлодар облысындағы Ақсуда провизорлық орталық жабылды. Мұнда вирус жұқтырған науқастар айтарлықтай азайған.

Соған байланысты 160 орындық екі провизорлық орталық жұмысын тоқтатты. Олардың біреуі Ақсу электр станциясының емдеу-сауықтыру орталығы жанынан ашылған еді. Мекеме пневмонияның орташа ауыр түріне шалдыққан 70 науқасты қабылдады. Екі күн бұрын мұннан ең соңғы науқас жазылып шықты. Жалпы Ақсу қаласының аумағында 230 орындық орталық жасақталған. Онда 800 адам емделді. 

Ләззат Рахметова, емдеу- сауықтыру орталығының бөлім басшысы:

- Провизорлық бөлімшеден соңғы науқас шығарылған соң  ғимарат залалсыздандыру  препараттарымен толық өңделді. Қазіргі таңда орталық жабық тұр. Егер эпидемиялогиялық жағдай осымен тұрақталатын болса, онда қалыпты жұмысымызға қайта ораламыз. Ал жағдай күрделенген жағдайда қайтадан провизорлық стационарға айналамыз.

Надежда Здоровова,  Ақсу қалалық ауруханасы стационарының бас дәрігері:

- Егер аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенсе қалалық аурухана 160 төсектік провизорлық госпиталь жасақтауға дайын. Ол  медициналық жабдықтармен дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етіледі. Бізде қажетті препараттар  қоры жеткілікті деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы