428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: «Нұрлы жер» шеңберінде ауылдардың су құбыры жаңартылады

  • 277
  • UPD: 23:00, 06.08.2020

Шығыс Қазақстан облысында 817 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асуда. Жол, коммуникациялық желілер мен қала, аудандарды абаттандыруға 77 млрд теңге инвестицияланады. Сөйтіп, 20 мыңнан астам жұмыс орыны ашылады. Коммуналдық мәселелерді шешуге «Нұрлы жер» бағдарламасы сеп болды.

Самар ауылындағы су құбырлары 66 жыл бұрын тартылған. Оларды бір жыл ішінде 50 рет техникалық жөндеуден өткізуге тура келген кездер болған. Бұл тек ресми стастистика. Ауылдағы ағайын жайлы өмірдің не екенін де ұмыта бастағандарын жасырмады. 

БЛИЦ:

- Мен 25-26 жылға келіп тұрғалы осы колонкіден су алып тұрамыз. Су енді кейде болады, кейде болмай қалады. Мына қазып жатқан колонкі жақсы болса, бізге жақсы болар еді. Енді бірақ кейде қазып тастап кетіп қалады қыстың күні. Сол үшін тезірек қазып, жаңа водопровод салса, дұрыс болады. 

- Көп жылдан бері осыны ата-анамыз тосып жүр. Өйткені үйде қарт адамдар тұрады. Көшеден су тасымайды. Енді құбырлар тартылып жатыр. Енді өзімізге тартып алу ойда бар. Осындай бағдарлама іске қосқандарыңызға рахмет. Жақсы жұмыс жасап жатыр жұмысшылар. Іске сәт! 

Күрделі мәселе бір жыл ішінде шешілмек. Ауылдағы тозығы жеткен құбырлардың орнына жаңа инженерлік желілер тартылады. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген елді мекендердің қатарында Самар ауылы да бар. Мұнда жаңа құбырлардың 80 шақырымы пайда болады. 

Талант Бақытбекұлы, Көкпекті аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- 12 ауылда су құбыры жүйелерін тарту жұмыстары, құрылысын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қосымша шағын ауылдарда 18 блок модульді станция орнатылды. Халықты таза, қауіпсіз ауызсумен қамту жұмыстары жүйелі атқарылуда. 

Жұмыспен қамтудың жол картасы тұрғын үй шарушылығының дамуына да сеп болмақ. Алдағы уақытта Көкпекті ауданының орталығында 20 екі қабатты үй бой көтереді.

Авторлар: Ақмарал Есімханова, Вячеслав Ветлугин, Жігер Бабаканов, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы