428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда автобуста маска тақпағандарды камералар бақылайды

  • 255
  • UPD: 23:25, 06.08.2020

Алматыда қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыларды енді онлайн камералар бақылайтын болды. Автобус ішіндегі видео арнайы диспетчерлік орталыққа түсіп отырады. Бүгін қаладағы мониторингтік топ халық көп жүретін орындар мен аялдамаларға рейд жүргізген еді. 

Сүйінбай мен Райымбек даңғылындағы мына аялдамада адам аяғы азайған емес. Сондықтан Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция және әкімшілік өкілдерінен құралған мониторингтік топ осы аялдамаға тоқтайтын қоғамдық көліктерді тексерді. Яғни маскасыз жүрген жолаушыларды анықтады. Нәтиже көп күттірмеді.

- Міне, сумкамда маскам

- Маска деген сумкада болмайды ғой

- Ия, знаю. Я забыла одеть просто.

Ал автобустың артқы жағында алаңсыз отырған мына кісі, камераны көре сала қалтасындағы бетпердені шығара бастады.

- Неге маскасыз отырасыз?

- Жанымда адамдар жоқ болған соң, кешіріңіздер.

- Құжаттарыңызды болады ма?

Қоғамдық орында құқық бұзғаны үшін, жолаушы жолдан қалып, хаттамаға қол қойды. Кейбір автобус жүргізушілерінің өзі  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды дұрыс орындамай, ара-тұра бетперделерін шешкені үшін айыпты болды. 

Назгүл Миракимова, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы:

- Бір сағаттың ішінде екі хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама. Ол хаттама да екеуіне толтырылып, бүгін базаға салынады. Базаға салынғаннна кейін, 7 күннің ішінде үлгерсе  41670 теңге болып төленеді. 7 күннен асып кетсе 8 суткадан әрі кетсе, онда 83 мың қылып төлейді. 

Марияш Құлқараева, жолаушы:

- Кимей жүргендер көп қой. Бірақ ол дұрыс емес. Киіп жүрсең, өзің үшін. Әркім өзінің денсаулығы үшін киіп жүру керек. Әркім өзін қорғаса, барлық адам ауырмайды, барлығы да жақсы болып кетеді. 

Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық  ережелердің  сақталуын бақылау үшін  Алматыда жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Әзірге бұл бір бағыттағы автобуста ғана. Ақылды камералар бетпердесіз жолаушыларды ғана емес, арақашықтықтың сақталуын да қадағалайды.  

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Бұл бейнекамералар   арқылы  диспетчерлер салонда бетпердесіз  немесе  бар бетпердені дұрыс тақпай отырған жолаушыларды анықтай алады.  Сөйтіп, олар қашықтықта отырса да сол  көліктің жүргізушісіне құқық бұзған жолаушы туралы хабар береді. Ал автобус жүргізушісі  мұндай жолаушыларды  түсіріп кетуге құқылы.

Пилоттық жоба арқылы соңғы үш күннің өзінде 52 адамның  бетпердесіз, ал 89-жолаушының оны дұрыс кимегені  анықталған. Ал мониторингтік топтың рейдтік жұмыстары қала бойынша әлі де  жалғасуда. Сондықтан  100 теңгенің бетпердесін кимеймін деп,  83 мың теңге айыппұл төлеп жүрмеңіз!

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы