420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік зейнеткер аудандық ауруханаға оттегі жастығын тарту етті

  • 151
Ақтөбелік зейнеткер аудандық ауруханаға оттегі жастығын тарту етті

Қобда ауданының тұрғыны Нұрлыбек КерейМағамбетовтың өзі де, жолдасы мен қызының да өкпесі қабынып, дертті болған.

Сауығып кеткеннен кейін дәрігерлерге қол ұшын тигізуді жөн деп шештік дейді. Аудан орталығындағы және туған ауылындағы медицина мекемелеріне 7 оттегі жастығын сатып әперген. Қайырымдылық іс-шарасы мұнымен шектелмейді. Жергілікті кәсіпкерлер ауруханаға тұрақты түрде қымыз жеткізіп беріп отыр. Шаруалар науқастар мен дәрігерлерді жас малдың еті және көкөніспен де үздіксіз қамтамасыз етуде. Жалпы, аудан бойынша пандемия басталғалы жұқпалы аурулар бөлімінде аталмыш дертке шалдыққан 116 адам ем алды. Қазір 3 науқас ғана қалған. 60 керуеттік провизорлық орталықта 21 оттегі жастығы, 9 оттегі концентраторы бар.

Нұрлыбек Кереймағамбетов, зейнеткер:

– Өзімнің де отбасымда жолдасым ауырды. Жеңіл-желпі өзім де ауырып тұрдым. Үлкен қызым ауырып, осындай қиын жағдайда болдық. Соның бәрін көзімізбен көріп жүріп, қазақ халқы қиналып жатқан кезде өзімнің үлесімді қосқым келді. отбасымның атынан сый ретінде, халыққа аз да болса көмегім тисін, жәрдем болсын деген ниетпенен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы