429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қорымның бұзылуына жол берген жұмыскерлер жұмыстан шеттетілді

  • 231
Павлодар облысында қорымның бұзылуына жол берген жұмыскерлер жұмыстан шеттетілді

Ертіс өңірінде ежелгі ескерткіштің бұзылуына қатысты шу тыйылмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнамыздан шыққан материалдан соң қыш құмыралар табылған Железин ауданының Башмачное ауылына бір топ археолог барды. Олардың мақсаты бір: көне тарихи қорымды жан-жақты зерттеп, сақтап қалу. Артефактілер ауылдағы су құбырын тарту барысында анықталды. Әзірге бірнеше қыш ыдыс тазартылып, шығарылды. Ал қорымның бұзылуына жол берген жұмыскерлер жұмыстан шеттетілді.

Айта кетейік, бұл қорым біздің заманымызға дейін 3 мың жыл бұрын пайда болған Андронов дәуіріне тиесілі. Андронов өркениетінде Павлодар облысының аумағында ежелгі металлургия, балық шаруашылығы мен қолөнердің дамығаны белгілі. Алдағы уақытта Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Айгүл Мұқашева, Железин ауданы әкімінің орынбасары:

– Қазіргі уақытта бұл учаскедегі жұмыстар тоқтатылды.  Заңнамаға сәйкес, тарихи және мәдени ескерткішті қорғау бойынша шаралар қолға алынады. Жәдігерлерді тапқан жұмысшы жұмыстан босатылып, жалақысы төмендеу жұмысқа ауыстырылды. Ал учаске бастығына сөгіс жарияланды. Жәрігерлер Потанин атындағы облыстық өлкетану музейіне табысталды.

Жақсыбек Нұртаев, «Ертіс» мультимедиялық музейінің бөлім меңгерушісі:

– Қателескен. Себебі табылғаннан кейін бұл жағдайды жергілікті әкімдікке немесе археологтарға айтып, немесе біздің музейге хабарласып, не істейміз деп сұрақтармен хабарласу керек еді. Бірақ олар істеген жоқ. Бүкіл қыш ыдыстар алынды. Және адамның сүйектері болған деп айтылады. Сосын оны жауып тастаған.

 

 

Хабар 24 телеарнасы