423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан екі тұрғын ұсталды

  • 226
  • UPD: 10:17, 07.08.2020
Шымкентте заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан екі тұрғын ұсталды

Шымкент қаласында заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан екі тұрғын ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

3 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қала аумағында 51 қорапша «Ингавирин 90 мг», «Тамифлю 70 мг», «Эноксапарин 10000», «Дексаметазон 4 мл», «Азитромицин 500 мг» дәрі-дәрмектерін жалпы сомасы 400 000 теңгеге лицензиясыз және рұқсат құжаттарсыз сатумен айналысқан қала тұрғынын анықтады.

Сонымен қатар ұсталған азаматтың жеке автокөлігін тексеру барысында жалпы саны 466 дана дәрі-дәрмек (Димедрол, Кетерол, Кольтарен Эмульгель, Хондрагед, Элфунат, Санофи, Физиотенз, Корвитин, Парацетамол және т.б) тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ 2020 жылғы 4 тамызда шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері қала тұрғынын жалпы саны 110 қорапша «Меропенем», «Дексометазон» және «Гепарин» дәрілерін 643 500 теңгеге лицензиясыз және рұқсат құжаттарсыз сату барысында әшкереледі.

Аталған фактілер департаменттің АЕК тіркеліп, жинақталған материалдар кінәлі тұлғаларды ҚР заңнамасында көрсетілген жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласының ТКҚСҚБ департаментіне жолданды.

Хабар 24 телеарнасы