426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантинде табысынан айырылған 2,2 млн-нан астам қазақстандық төлем алды

  • 177
  • UPD: 10:26, 07.08.2020
Карантинде табысынан айырылған 2,2 млн-нан астам қазақстандық төлем алды

7 тамыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге біржолғы төлем тағайындауға 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды.

Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды. Оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:

– 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы