428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар әкімі WhatsApp нөмірін жариялады

  • 221
  • UPD: 10:44, 07.08.2020
Павлодар әкімі WhatsApp нөмірін жариялады

Павлодардың жаңа әкімі Ержан Иманслям өзінің WhatsApp нөмірін жариялады.

«Құрметті павлодарлықтар! Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл халықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беретін билік. Осы бір жарым апта ішінде мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жүзден астам өтініш алдым. Олардың кейбіреулері бірден шешімін тапты, кейбірі мұқият қарауды талап етеді.

Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Онлайн-қабылдау» сервисі жұмыс істейді, онда өзідеріңізді толғандырған сұрақтарыңызды маған тікелей қоя аласыздар. Сол сервис арқылы менің жеке қабылдауыма жазыла аласыздар. Сілтеме сториске бекітілген. Біздің диалог одан да нәтижелі болу үшін мен бүгіннен бастап жеке WhatsApp нөмірімді іске қосамын: +7 778 598 4948», - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы