431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ Қазақстанға 200 оттегі концентраторын жіберді

  • 325
  • UPD: 10:59, 07.08.2020
ДДСҰ Қазақстанға 200 оттегі концентраторын жіберді

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіберген гуманитарлық жүкті қабылдап алды, деп хабарлады ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі facebook парақшасында.

Тамыздың 6 жұлдызында арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентраторын жеткізді. Жүк «СҚ-Фармацияға» жөнелтіледі, ал әрі қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.

«ДДСҰ Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады», - деді Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілі, доктор Кэролайн Кларинваль.

Хабар 24 телеарнасы