426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: ауруханаларға клиникалық хаттамаға енгізілген препараттардың 91 түрі жөнелтіледі

  • 294
  • UPD: 14:04, 07.08.2020
COVID-19: ауруханаларға клиникалық хаттамаға енгізілген препараттардың 91 түрі жөнелтіледі

Жұқпалы аурулар ауруханаларына (189 аурухана) және провизорлық орталықтарға (330 орталық) COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін клиникалық хаттамаға енгізілген препараттардың 91 түрі жөнелтіледі.

Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ОКҚ брифингінде айтты.

«Коронавирустық инфекция пайда болған сәттен бастап 12,8 млрд теңге сомасына дәрілік препарат жөнелтілді. Шілде айының басынан бастап ауруханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шұғыл шешу үшін жоспардан тыс 2,6 млрд теңге сомаға айлық резерв жөнелтілді», - деді.

Хабар 24 телеарнасы