424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады

  • 207
  • UPD: 12:49, 07.08.2020
Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кепілдікпен тағы 78 зығыр тұқымын және 8 бидай ұнын өндірушілерді ҚХР-ға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Осылайша, қазіргі уақытта 103 зығыр тұқымын өндіруші (оның 78-і ҚР АШМ кепілдігімен) және бидай ұнын өндіретін 94 компанияның (64-і ҚР АШМ кепілдігімен) өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқығы бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы барысында бидай ұнының экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға, ал Мемлекет басшысының Пекинге сапары аясында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын зығыр тұқымына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылған болатын. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін қытай тарапы экспорт құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне бидай ұны мен зығыр тұқымын өндіретін 55 компанияны енгізді. Хаттамалар қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өнімді жеңілдетілген тәртіппен экспорттау құқығын береді.

Соңғы жылдары Қазақстан фермерлері арасында зығыр егу кеңінен тарап келеді. Бұл дақыл өндірісте аса қымбат емес әрі күй талғамайды. Сондықтан республикада өндіріс көлемі де, зығыр егумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің де саны артуда. Алайда бұл дақылды қарқынды егу салдарынан өңделген топырақтың тез сарқылу қаупі бар.

Бірнеше жыл ішінде Қазақстан зығыр тұқымы мен зығыр майының ірі экспорттаушысына айналды. Жыл сайын барлық дақыл сатып алынып, Еуропа мен Азияның бірқатар еліне экспортталады. Қазақстандық зығырдың ірі импорттаушыларының бірі – ҚХР.

Хабар 24 телеарнасы