433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қоры 50 түрлі препаратпен толықтырылады

  • 305
  • UPD: 13:28, 07.08.2020
Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қоры 50 түрлі препаратпен толықтырылады

Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қоры 50 түрлі препаратпен толықтырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

100 мың пациентке есептелген қор 2 айға жетуі тиіс. Бұл індеттің екінші толқынына дайындық үшін жасалып жатыр. Дәрілерді сатып алуға 24 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы СҚ-Фармацияның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты. Қазір елдегі 189 инфекциялық аурухана мен 330 провизорлық орталыққа  дәрі-дәрмектің 91 түрі жеткізілген. Жалпы, елде  коронавирус инфекциясы тіркелген күннен бастап, 12,8  млрд теңгеге медициналық препараттар сатып алынған. Шілде айында дәрі тапшылғын жою үшін қосымша 2,6 млрд теңге бөлініп, бір айлық қор жасалды. СК-Фармацияның жаңа басшысының айтуынша, компанияның логистикалық процестері жаңартылған. Сондай-ақ, ауру жеңіл өткен жағдайда емдеуге арналған хаттамаға өзгеріс енгізіліп, 5 препарат қосылған. Оның ішінде Парацетамол мен Ибу-профен дәрілері бар.

Ерхат Есқалиев, «СҚ-фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

– Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты маусым айының аяғы мен шілде айының басында ауруханалар мен привизорлық орталықтарда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болды. Сол кезеңде шұғыл шаралар кешені әзірленді. Енді КВИ-дің жедел жағдайы кезінде барлық дәрі-дәрмек медициналық мекемелерге бірден жіберіледі. Қоймаларда кезекші топтар құрылып, олар күндіз-түні  жұмыс істейді. Жоспарланған рейстер саны 1,7 есе артты. Жеткізу мерзімі 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарды. Дәрі-дәрмектерді санауды тездету үшін қойма жұмысшыларының саны көбейтілді. Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету туралы авиакомпаниялармен келісім  жасалды. Енді бірігіп жұмыс істейміз.

Хабар 24 телеарнасы