420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында КВИ-мен ауырып жатқандардың 80% айықты

  • 188
Жамбыл облысында КВИ-мен ауырып жатқандардың 80% айықты

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 4 мыңға  жуық  науқастың 80 проценті сауығып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Тіпті, соңғы аптада «Ковид-19» көрсеткіші  1,2 ал пневмония 2,6 есе төмендепті.  Сонымен қатар жедел жәрдем шақырту саны да 11,4  процентке азайған. Қазір өңірде инфекциялық стационарда 168, провизорлық емдеу мекемелерінде 268 адам ем алып жатыр. Мамандар эпидемиологиялық жағдай динамикасы осы күйде  сақталса, карантиндік режим кезең-кезеңімен жеңілдетіледі деп отыр. 

Хамит Мырзақасымов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

– Жағдайдың тұрақтанғанын ескере отырып, басқарма тарапынан 2030 төсектің 820 төсегін жауып, оны жоспарлы ем алуға жұмылдыруға жоспарлап отырмыз. Қалған төсек қоры қазіргі жағдайдың толық тұрақтанғанша жұмыс атқарады.  Науқастар санының азаюы осы динамикасы жалғаса беретін болса, карантин ашылуы мүмкін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы