429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік 90 млн теңге болатын алтын мен гауһар тасты бұйымдарды қолды қылған

  • 324
  • UPD: 14:33, 07.08.2020
Шымкенттік 90 млн теңге болатын алтын мен гауһар тасты бұйымдарды қолды қылған

Алтын мен бриллиант бұйымдарды ұрлаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

90 миллион теңгелік шығынның орнын толтырған полицейлерге шымкенттік тұрғын алғысын жеткізді, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны сеніп тапсырылған мүлікті иемдену жайты туралы арызданды. Арыз бойынша оның танысы базардағы алтын павильонынан алтын және бриллиант бұйымдарын алып кетіп, нәтижесінде 90 млн теңге мүліктік шығын келтірген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігімен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық іс тіркелді.

Күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке тастағаны анықталды. Ал қалған алтын бұйымдар 1982 жылы туған күдікті әйелден тәркіленіп алынды.

Осы аталған қылмыс бойынша Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы