426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Он күн бойы із-түзсіз кеткен түркістандық қыз Алматыдан табылды

  • 574
  • UPD: 15:33, 07.08.2020
Он күн бойы із-түзсіз кеткен түркістандық қыз Алматыдан табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 19 жастағы қызды тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде Отырар ауданында 19 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде ақпарат таралып, полицейлердің іздестіріп жатқанын хабарланған еді.

Аталған жағдай ТО ПД КПБ-ның және Отырар АПБ қызметкерлерінің арқасында оң шешіліп, 10 күн бойы іздестіру жұмыстарының нәтижесінде отырарлық қыз дін-аман табылды. Нақтырақ айтсақ, 24 шілде Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, өзінің 19 жастағы қарындасының жоғалғанын хабарлаған. Ағасының айтуынша, қыз үйінен Шәуілдір ауылындағы ауруханаға баратынын айтып кетіп, үйіне қайта оралмаған. Аталған жайт АПБ-не тіркелді. Жоғалған қыздың қайда жүргендігін анықтау мақсатында аудандық полицейлер хабар алысымен шұғыл әрекетке көшіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында қыздың Шәуілдір ауруханасына бармағандығы анықталды. Тәртіп сақшылары қыздың баруы мүмкін жерлер мен таныстар шеңберін құрып, республика көлемінде іздестірді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды мұқият қарап, тексерді.

Осылайша, ақпарат көздері арқылы жоғалған қыздың Алматы қаласында болуы мүмкін екендігі анықталып, бірнеше полиция қызметкерлері іс сапармен шықты. 10 күннен астам уақыт бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыз Алматы қаласындағы базарлардың бірінен табылды.

Полицейлер қызды аман-есен отбасына тапсырды. Тергеу барысында анықталғандай қыз осы уақыт аралығында күнкөріс мақсатында жұмыс істеп, Алматы қаласындағы танысымен пәтер жалдап тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі таңда орын алған жағдайдың толық мән-жайы анықталуда.

– Қызым жоғалған бойда полицейлерге арыздандық. Содан бері 10 күн бойы үзіліссіз іздестіріп, соңында қызымды Алматы қаласынан тауып, аман-есен қолыма табыстады. Үлкен алғыс, жұмыстарына табыс тілеймін!, – деп ризашылығын жеткізді қыздың әкесі.

Қуанарлығы тәртіп сақшыларының жүйелі жұмыстары оң нәтиже беріп, туыстарымен қатар, елді алаңдатқан қыз аман-есен табылды. Осы тұста Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ұл-қыздарымен жиі сөйлесіп отыруға, араласатын ортасын толық біліп, бақылауда ұстауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы