426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда белгісіз ер адам банкте кісілерді кепілдікке алды

  • 210
Францияда белгісіз ер адам банкте кісілерді кепілдікке алды

Францияда белгісіз ер адам банкте кісілерді кепілдікке алып, бірнеше сағаттан кейін полицияға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Гавр қаласында болды. Тапаншамен қаруланған ер адам ең ірі кооперативтік банк бөлімшесінің біріне барып, 6 адамды қамауға алған. Бірақ көп ұзамай ғимараттағы 53 жастағы бір азаматты босатады. Осыдан кейін оқиға орынына жеткен тәртіп сақшылары келіссөз жүргізіп, қылмыскер өз еркімен берілді. Ол бұған дейін жүйке ауруымен тіркелген, 34 жастағы азамат болып шықты. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы