424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

  • 214
  • UPD: 16:26, 07.08.2020
Алтай Көлгінов құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл елордада қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Қаламыздағы әлеуметтік үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар, саябақтар мен аулалар құрылысшылардың еңбегімен салынды. Құрылыс саласы қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қаламыз өсіп, одан әрі көркейіп келеді. Олар күндіз-түні, аязда да, ыстықта да жұмыс істейді», - деп жазды елорда әкімі instagram парақшасында.

Сонымен қатар А.Көлгінов елорданың авторы және бас сәулетшісі Елбасы екенін де атап өтті.

«Тұңғыш Президенттің астананы көшіру туралы шешімі прагматизм мен көрегендіктің үлгісі. Құрылысшылар 300 мың халқы бар шағын қаланы қарқынды өсіп келе жатқан астанаға айналдырды. Қала тұрғындарының саны төрт есе өсті. Барша құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Елорда құрылыс секторында көшбасшы болып қала бермек. Қалада жыл сайын миллиондаған шаршы метр тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салынып жатыр.

«Нұр-Сұлтан – армандар орындалатын қала. Тұрғындар сапалы білім алып, отбасын құрады. Мемлекет басшысы елорданың дамуына ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты», - деп атап өтті әкім.

Хабар 24 телеарнасы