425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаттығына үміткер экологтармен кездесті

  • 183
  • UPD: 18:48, 07.08.2020
Сенат депутаттығына үміткер экологтармен кездесті

Еліміздің ірі қалаларында электр қозғалтқышымен жабдықталған таксилер жүруі керек.

Сенат депутаттығына үміткер Тимур Нұртаев осындай бастама көтерді, хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін кандидат «ECOJER» қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы» филиалының өкілдерімен кездесті. Оның барысында қоқыс полигондарының жағдайы талқыланды. Күл-қоқысты бөлек сұрыптау бойынша заң жобасын жасау керектігі айтылды. Қоршаған ортаны қорғауға жауапты мемлекеттік органдардың мәртебесін арттыру ұсынылды. «Экологияны жақсарту үшін қоғамдық көлік электр энергиясына ауысуы тиіс», дейді мамандар.

Тимур Нұртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер:

- Бұл біріншіден, экологияға пайдалы. Екінші жағынан тұтынушылар үшін арзан болады. Әртүрлі жеңілдіктерді қарастыру керек. Адамдарға электромобильдермен жүрген тиімді болатындай жағдай жасаған жөн. Қалалардың арасы мен кеңсе және сауда үйлерінде қуаттандыратын құрылғылар орнатылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы