429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жол жөндеу кезінде адам қаңқасы табылды

  • 260
  • UPD: 19:17, 07.08.2020
Қарағандыда жол жөндеу кезінде адам қаңқасы табылды

Қарағанды қаласында жол жөндеу жұмыстары кезінде адамның қаңқасының қалдықтары табылды.

Ол бір кезде жол маңында болған құдықтың ішінен шықты. Жөндеу жұмыстары кезінде бас сүйекке тап болған жол жөндеушілер бірден полицияға хабар берген. Олар қалдықтарды жинап алып, сараптамаға жіберіпті. Мамандар қаңқа қалдықтарының жол астында жатқанына кемі 10 жылға жуық уақыт болған деп жорамалдап отыр.

Атап өткен жөн, қаңқа Майқұдық ауданының орталық көшелерінің бірінің маңынан табылып отыр.

Владимир Макеев, куәгер:

– Кеше қалдықтардың жартысын полицейлер алып кеткен. Бүгін қалдықтардың қалғанын тауып алдық та, осында жинап қойдық. Қазір келіп алып кетеміз деді. Міне, көріп тұрғандай жақ сүйегі, қабырғалары қалған.

Бағлан Жақанов, Октябрь аудандық ПБ басшысының орынбасары:

– Жұмыскерлер жердің астынан белгісіз жанның қаңқасын тапты. Ол оқиға полицияда тіркеліп, қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.

Хабар 24 телеарнасы