423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

  • 278
  • UPD: 19:54, 07.08.2020
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

Түркістан облысының Ордабасы ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты, хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аудандық орталық аурухананың қауіпті індет жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі бос тұр. Мұндағы орталық аурухана 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ордабасы ауданы бойынша 158 науқас коронавирус инфекциясын жұқтырып, тіркеуге алынды. Оның ішінде 2 азамат вирустан қайтыс болды. Қалғандары құлан таза айығып шықты. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда пневмониямен ауырған науқастардың да саны азайған. Сондай-ақ провизорлық госпитальдағы төсек-орын саны да 40 орынға дейін қысқарған. Қазір өкпесі қабынған 21 науқас ем қабылдауда. Солардың бірі – жасы 80-ге таяған Мырзабай Оңлабек ақсақал. Алғашында ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен қарияның қазір жағдайы жақсарған. Дәрігерлерге айтар алғысы да шексіз. Жалпы аудандық ауруханада 9 өкпені жасанды желдету және 70-тен астам оттегімен қамту аппараты бар. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқастың үйіне барып, көмек көрсеткен.

Мырзабай Оңлабек, науқас:

- Мен есімді білмей, дем жетпей түстім. Содан осында қоларбаға отырғызып, алып келіп, жатқызды. Дәрігерлер жақсы қарап жатыр маған. Ол мақтағаным емес.

Хабар 24 телеарнасы