426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды

  • 270
  • UPD: 20:00, 07.08.2020
Алматы облысында қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды

Алматы облысында карантин режиміне байланысты қысқарған қоғамдық көліктердің қозғалысы қайта қалпына келтірілді, хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ жолаушы тасымалдаушы кәсіпорынардарға отыратын орындықтардың санынан көп адам алмау және жолаушылардың барлығы бетпердемен болуы тиіс» деген талап қойылып отыр. Сонымен қатар ашық алаңқайда орналасқан бірқатар базарлар да жұмыс істей бастады. Алакөл, Қапшағай, Балқаш көлінің жағалауындағы демалыс орындары 50%-ке дейін келушілерді қабылдай алады. Бүгінге дейін Алматы облысы бойынша 4,5 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелді. Ал індетке шалдығу көрсеткіші 2%-тік межеден асып отырған жоқ.

Әлия Шағиахмет, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Демалыс күндеріндегі локдаундарға келетін болсақ, бұл әр ауданның эпидемиологиялық ахуалына байланысты. Егер соңғы аптада эпидахуал тұрақты болып тұрса, онда аудандар локдаун жарияламауы да мүмкін. Әзірге бұл сұрақ талқылануда. Карантиндік шараларды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі күні Алматы облысында 198 жағдай бар. Оның ішінде 116-сы жеке тұлғалармен жасалғандар. Көбінесе бұл құдалық өткізген азаматтар, үйлену тойын, ұзату тойын өткізген азаматтарға салынған айыппұлдар.

Хабар 24 телеарнасы