429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда автобус жүргізушілері мен жолаушылары қатаң қадағалауда

  • 258
  • UPD: 20:22, 07.08.2020

Петропавл қаласында автобус жүргізушілері мен жолаушылары қатаң қадағалауға алынды, хабарлайды «Хабар 24».

Карантин кезінде құрылған мобильдік топ мүшелері күн сайын рейдке шығып, қоғамдық көлік қызметінің санитарлық талаптарын тексереді. Олармен бірге аймақтағы тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы шығып келді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Мобильдік топ мүшелерінің көзіне мына бір автобус түсті. Қоғамдық көлікте жолаушылар шамадан тыс көп. 6 адам тұрып тұр. Санитарлық талап бұзылды. Енді жүргізуші айыппұл төлейді.

Әділ Қорғанбаев, облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- Ең көп табылатын бұзушылықтар – ол жүргізушілердің маскасыз және перчаткасыз болуы. Және де кірген кісілердің де маскасыз болуы. Сондай-ақ кісі саны орын санынан асып кетуі.

Бұл топқа прокурорлар, полицейлер мен санитар мамандар кіреді. Олар күн сайын қала көшелерін аралап, қоғамдық көлік қызметін тексереді.

Данияр Тұмырзин, облыстық прокуратура бөлімі басшысының м.а.:

- Рейд басталғалы 8 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Басында ауызша ескерту жасадық. Енді ондай жоқ. Іс қағаздарын санитарлық мамандарға жібереміз.

Өңірде карантин кезінде осындай бірнеше топ жұмыс істейді. Бірі дәріханаларды, бірі ауруханалар мен провизорлық стационарларын, енді бірі әлеуметтік желілерде тұрғындардың шағымын тексереді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Көп адамдар тыйым-шектеулерге мән бермейді. Біреудің енжарлығынан жұрт жақындарын жерлеп жатыр. Сондықтан өзіміз сақтансақ, өзгені де сақтаймыз. Ал, тәртіпке бағынған құл болмайды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы