423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да санитарлық талаптарды бұзған 18 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

  • 275
  • UPD: 20:15, 07.08.2020
БҚО-да санитарлық талаптарды бұзған 18 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысында санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 4 заңды және 18 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, хабарлайды «Хабар 24».

5 шілдеден бастап осы күнге дейін ережені елемегендерге қатысты 351 хаттама толтырылған. Кейбір қызмет көрсету орындарының карантин кезінде де жұмысын жалғастырғаны анықталып отыр. \

«Дезинфекциялық және жеке санитарлық қорғаныш құралдарының болмауы, көп адам жиналатын шара өткізу, қоғамдық орында бетперде кимеу, түнгі уақытта жеке көлігімен себепсіз жүру секілді кемшіліктер әлі де тыйылмай отыр», - дейді сала мамандары.

Руслан Шазадаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Жалпы сомасы 22 миллион 265 мың 670 теңгеге толтырылды. Оның ішінде 4 протокол заңды тұлғаларға, 14-і жеке кәсіпкерлерге, 26-сы сол нысандарда жұмыс істейтін жеке тұлғаларға және 303 хаттама жеке тұлғаларға толтырылды. Олар 23:00-ден кейін жеке көліктерімен себепсіз жүргені үшін толтырылды. Біздің статистиканы көтеретін сол 23:00-ден кейін жеке көлікпен жүрген адамдар.

Хабар 24 телеарнасы