426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ Қазақстандағы пневмония мен коронавирус статистикасын біріктірді

  • 427
  • UPD: 17:21, 08.08.2020
ДДСҰ Қазақстандағы пневмония мен коронавирус статистикасын біріктірді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы ПТР-сараптамасы теріс нәтижелі пневмонияны және коронавирус жұқтыру бойынша деректер статистикасын біріктірді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ендігәрі ДДСҰ өз сайтында Қазақстандағы коронавирусты жұқтыру және шығу тегі белгісіз пневмонияны жұқтыру деректерін бір цифрмен береді. Яғни бұрынғыдай «коронавирус жұққандар саны» және «пневмония жұққандар саны» деп, аражігін ажыратпайды.

Қазір соңғы тәуліктегі деректер жаңартылған кестеге әлі енгізілмеген. Сол себепті сайтта жұқтырғандар саны 105,5 мың адам деп көрсетіліп тұр.

Еске сала кетсек, соңғы тәулікте елде 907 адам коронавирусты, ал 1102 адам COVID-тектес пневмония жұқтырған еді.

Енді біріктірген кезде жалпы расталған жұқтыру дерегі 109 939 болып отыр.

ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда соңғы аптада коронавирустан 316 адам көз жұмған.

Ал Coronavirus2020.kz сайтында пневмония мен коронавирус жұққандар туралы ақпарат әзірге екі бөлек жарияланып тұр.

ҚР ДСМ өкілі осыған дейін мәлімдегендей, министрлік деректерді біріктіріп жариялауға дайын, тек ДДСҰ-ның мақұлдауын күтіп отырған.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы