420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандағы стационарларда коронавирустан 5039 адам емделіп жатыр

  • 398
  • UPD: 15:12, 08.08.2020
Қазақстандағы стационарларда коронавирустан 5039 адам емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 002 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 114 жеткіншек бала бар. Стационарларда 5 039 науқас жатыр. 19 963 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 130 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 27 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмоствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

Хабар 24 телеарнасы