420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда оқушылар жаңа білім платформасы арқылы оқиды   

  • 446
  • UPD: 18:24, 08.08.2020

Биыл баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналардың ойлары сан-саққа кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қашықтан оқудың сапасы төмендеу бола ма деп алаңдаулы. Кейбір ата-ана тіпті 6 жастан асқан балаларын алдағы оқу жылына қалдыруды ойластырып жүргендерін де жасырмады. Бірақ қаладағы білім басқармасы әліппе бетін қашықтан ашудан қорықпау керек деп отыр. Себебі  жаңа оқу жылында бірегей  білім платформасы енгізілмек.

Зухра Қадыровтар отбасының үш ұлдан кейін дүниеге келген жалғыз қызы. Сондықтан оның өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, алғашқы қоңырауды отбасы асыға күткен еді.  Бірақ пандемия  олардың жоспарларын өзгертті. Енді, алғашқы ұстаз және сыныптастармен жүздесу сәті онлайн-режимде өтпек.  Мұндай әдіс қызымның  білім алуға деген ынтасына әсер етеді ме деп алаңдаймын, дейді анасы.

Тамила Қадырова, қала тұрғыны:

– Бірінші тоқсанда өзгелерден қалыс қаламыз деп ойлаймаймын. Әдетте, олар қаламсапты дұрыс ұстауды,  әріп жазуды, оқуды үйренеді. Біз қазірден жаттығып жүрміз. Менің ойымша, қалай болғанда да оқушы   мұғалімін жүзбе-жүз көргені дұрыс. Және бізге қарағанда, ұстаздың айтқанын бала тез қағып алады. 

Алғашында қалада бастауыш сыныптарға кезекшілік сыныптар ашылады деп жоспарланған. Бірақ қазір бұл мәселенің өз шешілмей тұр екен.

Айсұлу Медетбекова, №28 М.Мәметова атындағы лицей директоры:

– Кезекші сыныптар ашылады деп ойлағанбыз, бірақ қазір біздің Алматы қаласы бойынша  бас санитар дәрігеріміз рұқсат бермей отыр.  Себебі  эпидемиологиялық жағдай өте қиындау болып тұр. Балалардың денсаулығы бірінші орында тұру керек деген себеппен ол кісі бізге рұқсат бермей отыр.

Сондықтан қашықтан оқуға дайындала беру керек, дейді білім басқармасының өкілдері. Әзірге, тек бірінші тоқсан жайлы айтылып отыр.  Ал онлайн-оқу  білім сапасына кері әсерін тиізбеу  үшін арнайы платформа да  әзірленген. Яғни,  ұстаз оқушымен  кері байланыс орната алады. Бірақ онлайн-форматта.

Қайрат Жұманов, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Платформа  сол мезетте ұстаз бен оқушының  кедергісіз байланыс орнатуына мүмкіндік береді.  Мұнда бала қолын көтеріп, жауап бере алады. Яғни, кері байланыс орнатылады.  Және жаңа платформаның тетіктері арқылы  мұғалім  сабаққа қатысқан барлық оқушыдан  лездеме тест алуға мүмкіндігі бар. Яғни, сабақтың нәтижесі де көрінеді.

Алматы мектептері бірінші сыныпқа  жаңа  оқу жылында 30 мың баланы қабылдауға дайын.  Бірақ олар алғашқы қоңырауға келіп, партаға отырмайды.  Ұстаздар да өздерінің білім алушыларын  тек монитордан көре алады. Міне, сондықтан көптеген ата-аналар  құжат тапсыруға асықпай, келер оқу жылын күтіп отыр.  Бірақ олардың ойлануға әлі де уақыттары бар. Себебі бірінші сыныпқа құжат қабылдау 20 тамызға дейін созылды.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы