423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Тарбағатай ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алды

  • 376
  • UPD: 09:31, 09.08.2020
ШҚО-ның Тарбағатай ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алды, хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Ақжар және Ақсуат ауылдарында 60 жер үй салынып жатыр. Бұл жоба мемлекет және жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асып жатыр. Яғни, кәсіпкерлер өз қаржысына баспана салса, әкімдік оған бюджеттен қаражат бөліп, сатып алады. Бұл мақсатқа биылдың өзіне 768 миллион теңге бөлінген. Тамыз айында 15 пәтер көп балалы аналарға берілмек. Жыл соңына дейін қалған құрылыстар да аяқталады. Кәсіпкерлер құрылыс материалдарының барлығы отандық әрі сапалы екенін айтады. «Жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Болашақта бұл жоба жалғасын табады», дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері.

Қайырлы Хасенов, кәсіпкер:

- Біз өзіміз де ішіне құдық қазып кеттік. Болашақта «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су келетін болса, оған да пластикалық құбырлар өткізіп, сыртқа да, ішке де дайындап қосып кеттік. Жылу жүйесі тартылған, үшқұдық пеші бар. Сырты қоршалған. Әр үйге әкімдік бергені 7,5 сотық жер, 2 үйге 15 сотық. Сыртын қоршауды бастап кеттік. Жаһандану заманына сай санузелі бәрі бар жақсы, жылы үй болады деп ойлаймын.

Серікқазы Сәдуақасов, Тарбағатай ауданының әкімі:

- Баспана кезегінде 350 адам тұр аудан көлемінде. Олардың 60-ына биыл болса, келесі жылы бұдан да көбейтеміз бе деп отырмыз. Бұл тек қана аудан орталығында ғана емес, әр елді мекенде ауылдық округтерде де салынады. Оған ауыл әкімдеріне тапсырма берілді. Келесі жылы әр ауылдық округте 2-3 үйден салмақшымыз.

Хабар 24 телеарнасы