423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы тозған ауылдар қайта түлеп жатыр

  • 372
  • UPD: 10:05, 09.08.2020
Қарағанды облысындағы тозған ауылдар қайта түлеп жатыр

Қарағанды облысының Жаңарқа ауданындағы тоз-тозы шыққан бірнеше ауыл қайта түлеп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Қазынадан бөлінген қыруар қаржыға әлеуметтік нысандар жөнделуде. Мәселен, Талдыбұлақ ауылындағы ескі мәдениет үйінің шатыры мен едені ауыстырылса, Ералиев, Ақтау, Орынбай елді мекендеріндегі ішкі жолдарға асфальт төселіп, көше жарықтандырылған. Сондай-ақ электр желілері жаңартылып жатыр. Бұған қоса, мемлекеттік бағдарлама аясында Жаңарқа селосындағы спорт кешені күрделі жөнделу үстінде. Ең бастысы, қаншама жергілікті тұрғын еңбекке тартылған.

Жалғас Сембеков, жұмысшы:

- Бұл нысандағы жұмыстардың басталуы маған өте көп көмегін тигізді. Алыстан емес, жақыннан жұмыс табылып, Жұмыспен қамту орталығына рахмет. Бір айдан астам уақыт болды, осы жерде істеп жатырмын. Жалақы жақсы, Құдайға шүкір, рахмет.ф

Хабар 24 телеарнасы