425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы үш жылу тарату орталығы табиғи газға ауыстырылады

  • 285
  • UPD: 10:21, 09.08.2020
Алматы облысындағы үш жылу тарату орталығы табиғи газға ауыстырылады

Алматы облысындағы 3 жылу орталығы биылдан бастап табиғи газбен жұмыс істей бастайды, хабарлайды «Хабар 24».

Оның екеуі Талдықорғанда, біреуі Қапшағай қаласында орналасқан. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 млрд 600 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар өңірдегі 8 жылу орталығының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұған дейін қатты отын түрін тұтынып келген су жылыту қазандықтарын алып тастап, орнына газбен және мазутпен жұмыс істейтін қазандықтар орнатылып жатыр. Түтін сорғысы мен желдеткіштер де барынша жаңартылады. «Қазір ондағы құрылыс-монтаж жұмыстары 30%-ке аяқталды. Қатты отын түрінен газға ауысудың бір ерекшелігі – ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың көлемі едәуір қысқарады. Отынға кететін шығын бірнеше есеге дейін азаяды», дейді мамандар.

Нұрлан Шаяхметов, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Бүгінге 5 кварталдық қазандықтар бойынша табиғи газға көшу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген. Қаламызға табиғи газ келгеннен бастап осындай жоба іске асып жатыр. Бүгінгі күні республикалық бюджеттен 2-3 қазандығымызға бюджеттен қаражат бөлінді. Жұмыстар наурыз айынан басталды. Қазан айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы