428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмониядан 15 адам көз жұмды

  • 211
  • UPD: 12:59, 09.08.2020
Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмониядан 15 адам көз жұмды фото: newsgomel.by

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1011 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 13121, 152 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.

 

Хабар 24 телеарнасы