429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Алакөлде уақытша өрт сөндіру бекеті ашылды

  • 250
  • UPD: 20:42, 09.08.2020
Алматы облысындағы Алакөлде уақытша өрт сөндіру бекеті ашылды

Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігінде маусымдық өрт сөндіру бекеті ашылып, жұмыс істей бастады.

Бекет екі өрт сөндіру техникасымен және 5 адамнан тұратын жеке құраммен қамтамасыз етілді. Өрт болып жатқан жерге ауыр техникамен қатар катерлермен барып, көлден су шашуға арналған құрылғылар да бар. 2020 жылғы шомылу маусымы кезінде өрт сөндірушілер 4 шақыртуға шығып, қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтады. Уақытша өрт сөндіру бекетін ашудағы мақсат – Ақши мен Көктұма ауылындағы 200-ден астам демалыс орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке құрам былайғы күндері құтқарушыларға көмектесіп, суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде кезекшілік атқарады.

Ғалым Мұстафин, Алакөл аудандық ТЖБ басшысы:

– Бұл бекеттің қойылу мақсаты Ақши мен Көктұма ауылында жылдан жылға құрылыстардың өсуіне байланысты, демалыс орындарының артуына байланысты сол демалыс орындарындағы демалушылардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы өрт сөндіру бекеті құрылып отыр. Бұл жерде қазір 5 өрт сөндіруші қызмет атқаруда. Өрт сөндіру бекетіндегі өрт сөндірушілер осы Алакөл құтқару станциясындағы қызметкерлермен бірлесіп, көл жағасындағы судағы қауіпсіздік бойынша да жұмыстарға атсалысуда.

Хабар 24 телеарнасы