425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы үйдің қасбетінде Абайдың бейнесі пайда болды

  • 267
  • UPD: 09:41, 10.08.2020
Қостанайдағы үйдің қасбетінде Абайдың бейнесі пайда болды

Алып сурет Ұлы ақын атындағы даңғылда ілініп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туындының авторы - жергілікті дизайнерлер. Олар өз еңбектерінде қазақтың біртуар перзентінің болмысын беруге тырысқан. Жалпы, Абайдың 175 жылдығына арналған мұндай еңбектер қалада екі жыл бұрын қолға алынған. Сол кезде ағартушының монументальді кескіндемесі салынған. Алдағы уақытта орта ғасыр ойшылы Әл-Фараби, Ыбырай Алтынсарин және екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Сұлтан Баймағамбетовтің де бейнелерін кескіндеу жоспарда тұр.

Наурызбай Мусин, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Алматылық компания жасап жатыр. Олар түркі тілдес елдерінде ең соңғы жұмыстарын сол жерде жүргізген болатын. Компанияның ашылғанына 10 жылдай уақыт өттіҚазіргі таңда жұмыстар әлі жүргізілуде. Көптеген ойлар бар.

Хабар 24 телеарнасы