430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады

  • 362
  • UPD: 09:17, 10.08.2020
Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады

Экология министрлігі өткен демалыс күндері жергілікті әкімдікпен және ІІМ-мен бірге Сілеті су қоймасына кезекті қоғамдық рейд жүргізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Су қоймасына еліміздегі ең бір таза өзеннің бірі Сілеті ағып келеді. Ал Бестөбе шатқалы астанадан шамамен 200 шақырым. Адамдар бұл жерге демалуға келген туристер қалдыратын қоқысқа, олардың табиғатқа тағылықпен қарауына, белгіленбеген жерде шомылатынына шағым айтуда.

«Біз демалып жатқандармен әңгіме жүргізіп, қоқыстарды жинадық. Егер бәріміз бірге тәртіпке келтіру шараларын қабылдамайтын болсақ, ертең демалатын таза жер қалмайды. Тұрғындардың арасындағы түсіндіру жұмысын құрамында 1,5 млн бала бар «Жас ұлан» жастар ұйымының жас көмекшілерінің жәрдемімен жүргіземіз. Біздің табиғатты аялау туралы дәрісімізді естіген балалар үйлеріне барған соң ата-аналарының да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауын өтінеді», - деді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров.

Экология министрлігі азаматтарды табиғатта демалудың қарапайым қағидаларын сақтауға, соңынан қоқыс қалдырмай алып кетуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Әйтпесе мемлекет экологиялық заңнаманы бұзушыларды қатаң жазалау шарасын қолдануға мәжбүр болмақ. Сонымен қатар басқалардың да табиғатқа зиян келтірулеріне бей-жай қарамауға, ондай жағдай туралы министрліктің жедел желісіне хабарлауын өтінеді.

Экология министрлігі адамдар демалатын жерлерге, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарға қоғамдық рейд жүргізуді жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы