431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы Байзақ ауданында «Ашық әкімдік» алаңы ашылды

  • 250
Жамбыл облысы Байзақ ауданында «Ашық әкімдік» алаңы ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында алғаш рет ауылдық деңгейде «Ашық әкімдік» алаңы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ауыл әкімі де, мамандары да жұртқа бір алаңда отырып қызмет көрсетеді. Қазір жаңа форматтағы жұмысты Бурыл ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері бастап кетті. Бұдан былай ауыл тұрғындары аудан орталығына барып бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимаратта жергілікті жерде бітіріп шығады. Келушілер жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелер бойынша қызмет ала алады. Сондай-ақ, күту залы, тегін wi-fi мен арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған. Бұл мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға да мүмкіндік береді. Айта кету керек, дәл осындай алаңдар облыстағы барлық ауылдық округте іске қосылады.

Равиль Төлебаев, ҚР СЖҚҚА департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Мемлекеттік органдардың жұмыс форматын онлайн және ашық түрге көшіру үрдісі еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Облысымызда 6 аудандық деңгейде сервистік әкімдік ашылған болатын. Ал ауылдық деңгейдегі ашық әкімдік ол облысымызда ең бірінші болып ашылып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы