424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанша қазақстандық 42 500 теңге төлем алды

  • 256
  • UPD: 10:50, 10.08.2020
Қанша қазақстандық 42 500 теңге төлем алды

10 тамыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды

Төлемді 2 млн 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 508 мың өтінімнің ішінде:

– 835,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 641 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 381,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 650,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 231,1 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 441,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 282 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 257,3 мың қазақстандыққа аударылды.

Хабар 24 телеарнасы