423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

  • 342
  • UPD: 11:59, 10.08.2020
Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында жазды.

«COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралары аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Мекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек.

Госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ «жасыл» және «қызыл» аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.

Хабар 24 телеарнасы